Список статей
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Приречное ауылы №22 орта мектебіндегі өтілген іс- шаралар туралы ақпарат.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Приречное ауылы  №22  орта мектебіндегі өтілген іс- шаралар туралы ақпарат.

 

    Ұлы  Жеңістің 70 жылдығына орай,  Приречное  ауылы  №22  орта мектебінде арнайы жоспар құрылып,  мерекелік іс- шаралар өтілуде. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.Осыған орай 1-11  сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен  сынып сағаттар өтілуде.Жәнеде қабырға газеттері шығарылды.  4 «а»  сынып жетекшісі Сейітжанова Г.М ұйымдастыруымен «Ер есімі, ел есінде» атты ашық тәрбие сағаты өтілді. Сынып сағаты өте қызықты, бар жауапкершілікпен өткізілді. Оқушылар көрермендерге ән, би, көріністерін тарту етті.  «Ешкім де ешнәрсе де, ұмыт қалмайды» атты сынып сағатын   жауапкершілікпен өткізген  3 «а»  сынып мұғалімі  Калиева Алмагүл Токешқызына алғысымыз шексіз. Сынып  сағатында оқушылар  сұрапыл соғыстың сұм жолдарын бастан кешіп, қан майданда от кешкен қаһарман жауынгерлеріміздің кейіпіне еніп, Ұлы Жеңіске қол жеткізген күнді ,қайғы мен қуанышқа толы өткен күндерді еске түсіріп көрініс көрсетті. Көрініс  жүрегімізді шымырлатып, көзімізге жас алдырды. Ия, бұл көз жасы  алдағы уақытта әрдайым қуаныштын жасы болсын,  лайым. Тарих пәні мұғалімі Байте Ә «Жеңіске 70 жыл» атты қабырға  бұрышын дайындады. Тарих пәні мұғалімі Муканова М.О ұйымдастыруымен тыл еңбеккерлерімен 5-11 сынып оқушылары  арасында дөңгелек стол өткізді. Оқушылар тыл еңбек ардагерлеріне  сұрақтар қойып, көкейлерінде жүрген сан сұрақтарға жауап алды. Ұлы Жеңіске қол жеткізген күнді ,қайғы мен қуанышқа толы өткен күндерді еске түсіріп,көздеріне жас алдырды.Оқушыларға ақыл кеңестерін айтып,  ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.  Осы өтілген іс- шараларды   «Ақмол ақпараты»  газетіне мақала жазып жібердік.

   Ұлы жеңістің күні  құтты болсын! 
Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын! 
Келешек еліміздің дархан даласы тыныш, аспаны ашық болсын! 

 

 

                                                           ТІМ:              Қызыр Айдос

Автор: Қабыкенова А.А.
Просмотров: 1480
Дата создания: 16 Апреля 2015 г.
Дата редактирования: 16 Апреля 2015 г.
www.egov.kz
Опрос