Список статей
КЕРЕМЕТ КЕЗДЕСУ

КЕРЕМЕТ КЕЗДЕСУ

 

"Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,

Кім Мұқанша бағындырар бағытты.

Қазақ халқы - Мұхтарымен Алатау

Қазақ халқы - Мұхтарымен бақытты".

 

Иə, расында Мұхтар Шаханов қазақтың маңдайына біткен

дара тұлға.

19 қазан күні № 3 Талапкер орта мектебінде "Кітап керуені " бағдарламасы бойынша Қазақ

хандығының 550 жылдығы аясында Бүкіл Түркі əлемінің ең үздік ақыны, қазақтың

қылыштай өткір тілді, қайратты, мінезді азаматы, халық жазушысы Мұхтар

Шахановпен «Қайсар рухты ақын» тақырыбында кездесу болып өтті. Ұйымдастырылған

салтанатты кездесуге ұлы ақынды ерекше құрмет тұтатын ауылдың үлкен-кішілері

мейлінше көп жиналды.

Мұхтар ағамыз рухани - адамгершілік құндылықтар тұрғысынан сан қырлы,

еліміздің таза ұлттық рухынан тыныс алған күрделі туынды тұлпарларын əлемдік əдебиеттің

үйіріне қосты. Поэзия есігін ашқанда, Мұхтар Шахан əлі ешкім бастамаған жол

іздеуге мақсат ұстанған болатын. Бұл күнде оның өз жолы бар. Оқырман қауым сол

жолдың əлі де кеңи түсіп, ақынның алда талай татымды дүниелер беретініне сенімді.

Ақын ағамыздың ізін басқан шəкірттер де аз емес.  Мектеп оқушылары ақынның "Желтоқсан

алаңы", "Төрт ана " , "Цемент" , "Жігіттің екі

сипаты", "Жайықпен жүздескенше" , " Жігерлендіру"

өлеңдерін оқып, "Өмір -өзен " əнін шырқағанда көрермен ерекше ықыласқа

бөленді. Ақын-жазушы ағамыздың соңғы жылдары жарық көрген "Шəмшінің

ғұмырнамалық геометриясы" , "Біздің өміріміздегі əйелдер..." ,

"Сүймегендер сағынбайды " , " Исповедь на исходе века"

сынды кітаптары көрерменге таныстырылды. Кездесу

барысында мектеп оқушылары мен ұстаздары ақынмен ой бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарына

жауап алды. Кездесудің өте қызықты өтуін қойылған сұрақтардан,

ақын-композитордың орындалған әндерінен, жатқа айтылған өлеңдерінен аңғару қиын

болған жоқ. Мұхтар Шаханов оқушыларға ризышылығын білдіріп, оларға өз

қолтаңбасымен кітабын сыйға тартты.

Мектепте болған керемет кездесуде Қазақстанның Құрметті

журналисі Жанат Түгелбаев 2007 жылы Ақмолда «Алжир» мұражайының ашылуы

кезінде  Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен

М.Шахановтың әңгімелесіп тұрған сәтін түсірген фото суретін ауданның басты

қонағына сыйға тартып, ризалығына бөленді. 

Ауылдың ежелгі тұрғыны, ауданның құрметті азаматы Сабыр Малғаздарұлы

арнайы қонақтың иығына ата салты бойынша шапан жапты.

Осы керемет кездесуді ұйымдастырған  аудандық оқу бөлімінің бастығы Қанат

Ахметовке, мектебіміздің директоры Сағынбала Хасенқызына және Талапкер ауылының

әкімі Нұртуған Мұзамелов мырзаға алғыс білдіреміз!

Ақынның даналық ойын əрбір азамат, əрбір қазақ ұғынса бүкіл халқымыздың

көсегесі көгерер деп білеміз.

Прикреплённые файлы:M.Shahanovpen_kezdesu.docx
Автор: Раушан Магзумова
Просмотров: 1354
Дата создания: 17 Ноября 2015 г.
Дата редактирования: 17 Ноября 2015 г.
www.egov.kz
Опрос